БЖЗҚ салымшыларға ескерту жасады

Sputnik
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) өз салымшыларына үндеу жасады. Мәлімдеме бүгін қордың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мәлімдемеге сәйкес, БЖЗҚ байланыс орталығының телефон және онлайн чаттар техникалық жөндеу жұмыстарына байланысты 24 сағат бойы жұмыс істемейді.
"27-28 желтоқсан аралығында жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты байланыс орталығына қызмет көрсету арналары (телефон және онлайн-чаттар) уақытша қолжетімсіз болады", - деп жазылған хабарламада.
БЖЗҚ уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрады.
Еске сала кетейік, бұған дейін зейнетақы жинағының 2026 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегі жарияланды.
2026 жылға белгіленген зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі жарияланды