АСТАНА, 26 желтоқсан - Sputnik. Ақтөбеде есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкені жойылды, деп хабарлады бас прокуратура.
Ақтөбе облысының арнайы прокурорларымен интернет-дүкен - Qymyz shop арқылы бүкіл ел бойынша психотроптық заттарды сатқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді аяқтады.
Дүкеннің жалпы айналымы 50 млн теңгеден астам қаражатты құрады.
"Интернет-есірткі дүкені арнасының қылмыстық схемасы "Telegram" қосымшасындағы "байланыссыз қатысу" нысанында ұйымдастырылған, ал ақша қозғалысы "дропперлердің" банктік карталары арқылы жүзеге асырылған", - деп жазылған хабарламада.
Барлық көрсетілген дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Астана қаласының аумағында 6 адам анықталып, ұсталып, 10 келіден астам психотроптық заттар тәркіленді.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.