Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинадағы қақтығысты реттеу алдағы 90 күн ішінде мүмкін - Уитакер

Америкалық тарап 27 тармақты төрт пакетке бөліп, оларды бөлек талқылауды ұсынды
Sputnik
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. АҚШ Украинадағы қақтығыс шешілсе, ол алдағы 90 күн ішінде болады деп санайды, деп мәлімдеді АҚШ-тың НАТО-дағы тұрақты өкілі Мэттью Уитакер.
"Егер қақтығыс шешілсе, ол алдағы 90 күн ішінде шешіледі", - деді ол Fox News арнасына берген сұхбатында.
Бұған дейін Уитакер Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз жүргізушілер 20 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспары, көпжақты қауіпсіздік кепілдіктері, АҚШ-тың жеке қауіпсіздік кепілдіктері және бейбітшілік орнағаннан кейін экономикалық өсу мен өркендеу жоспары сияқты төрт құжатты талқылап жатқанын хабарлаған болатын.
Сол секілді АҚШ президентінің арнайы елшісі Стив Уиткофф украин делегациясымен келіссөздерден кейін АҚШ, Украина және Еуропа өкілдері Майамиде ортақ стратегиялық тәсілді әзірлеуді, АҚШ бейбітшілік жоспарын, Вашингтонның Киев үшін қауіпсіздік кепілдіктерін және Украинаны қалпына келтіру мәселелерін талқылағанын айтты.
Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Кремльде АҚШ-тың арнайы елшісі Стив Уиткофф пен америкалық Affinity Partners компаниясының негізін қалаушы Джаред Кушнерді қабылдаған болатын. АҚШ өкілдерінің Ресейге сапары Украинаға арналған АҚШ бейбітшілік жоспарын талқылаумен байланысты болды. Путиннің айтуынша, америкалық тарап 27 тармақты төрт пакетке бөліп, оларды бөлек талқылауды ұсынды.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
АҚШ-пен Украина бойынша келіссөздерде барлық түсініспеушілік шешілген - Лавров