АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Франция сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы қақтығысты реттеу үшін дипломатиялық іс-әрекетті жалғастыруға келісті, деп хабарлады АҚШ Сыртқы істер министрлігі.
"Мемлекеттік хатшы Марко Рубио Франция СІМ басшысымен сөйлесті", – делінген АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарламасында.
Телефон арқылы өткен әңгімеде тараптар Украинадағы қақтығысты аяқтау үшін дипломатиялық ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.