Трамп Тоқаев пен Мирзиёевті Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырды

Саммит 2026 жылы Майами қаласында өтеді
Sputnik
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан мен Өзбекстан басшыларына G20 саммитіне қонақ ретінде қатысуға шақыру жіберілетінін мәлімдеді.
Саммит 2026 жылы Майамиде өтеді. Трамп бұл жиынды "өте маңызды іс-шара" деп атап, шақыру туралы Truth Social әлеуметтік желісі арқылы хабарлады.
Бұған дейін Дональд Трамп пен Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлескені туралы хабарланған болатын. Әңгіме барысында халықаралық күн тәртібі талқыланды.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Тоқаев Трамппен Украина қақтығысы туралы сөйлесті