Қазақ елі Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды

Аза тұту рәсіміне мыңдаған адам жиналды
Sputnik
АСТАНА, 23 желтоқсан - Sputnik. Алматыда Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр.
Халық әртісімен қоштасу Алматы опера және балет театрында өтуде.
Қазақ елі Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды
Қоштасу рәсіміне Асанәлі Әшімовтің отбасы мен жақындары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары қатысуда.
Қазақ елі Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды
"Асанәлі Әшімов кино өнерін дамытуға атсалысып, өз өмірін соған арнады. Біртұтас буын қалыптастырды деп айтуға болады. Келесі жылы 90 жылдық мерейтойын бүкіл Қазақстанның мәдени мерекесіне айналдырамыз деген жоспар бар еді", - деп атап өтті қала әкімі Дархан Сатыбалды.
Қазақ елі Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды
Белгілі кино және театр әртісі, режиссер, қазақ сахнасының абызы Асанәлі Әшімов 21 желтоқсан күні 88 жасында дүниеден өтті.
Қазақ елі Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды
КСРО Халық әртісі, Қазақстанның еңбек ері Асанәлі Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында (қазіргі Жамбыл облысы) дүниеге келген.
Асанәлі Әшімов 1956–1961 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актёр мамандығы бойынша бітірген.
1961 жылдан ол Қазақфильм киностудиясына актёрлік штатқа қабылданды. 1964 жылдан бастап Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актёрлік құрамында болды.
Оның кинодағы Бекежан (Қыз Жібек, 1971), Шадияров (Атаманның ақыры, 1971), Мәмбет (Сарқырама, 1973), Қасымханов (Трансібір экспресі, 1977), Кемел (Нан дәмі), Нұрғазы (Алатаудың ай мүйізі), Қаражал (Жаушы, 1980), Шыңғыс хан (Бұлғар даласынан ескен жылы жел, 1998) рөлдері халыққа белгілі.
Ол Қазақ ұлттық өнер академиясында сабақ берді.
1990 жылдан-"Елім-ай"киностудиясының президенті.
2016 жылы Қазақстан театрлары қауымдастығын басқарды.
2019 жылдан — Алматыдағы "жаңа ғасыр" жастар театрының көркемдік жетекшісі.
Асанәлі Әшімов - Қазақстанның Еңбек Ері (2017). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). КСРО Халық әртісі (1980).
Асанәлі Әшімов дүниеден озды