АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің құрамына енді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Бұл туралы үкімет қаулысына 2025 жылдың 20 желтоқсанында қол қойылған.
"Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Досаев Ерболат Асқарұлы "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі таңда "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің 8 мүшесі бар, оның 4-уі — тәуелсіз директор. Бұл корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелеріне сай келеді және стратегиялық шешімдерді тиімді қабылдауға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, Алматының экс-әкімі Ерболат Досаевты қыркүйек айында президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалған болатын.