ТМД елдері көшбасшыларының бейресми кездесуі - онлайн-трансляция

Sputnik
АСТАНА, 22 желтоқсан - Sputnik. Санкт-Петербургте ТМД елдері көшбасшыларының бейресми кездесуі өтіп жатыр.
Іс-шара Владимир Путиннің бастамасымен ұйымдастырылды. Ресей президенті 2017 жылдан бері жыл сайын ТМД көшбасшыларының жаңа жыл алдындағы бейресми кездесулерін ұйымдастырып келеді. 2018 жылдан бері бұл іс-шаралар оның туған қаласы Санкт-Петербургте өткізіліп келеді.
Бағдарлама тек пікір алмасу және талқылаумен шектелмейді. Владимир Путин өз қонақтарына кешенді мәдени бағдарлама дайындайды.