Алматыда студент оқытушыны пышақпен жарақаттады

Істің мән-жайы анықталып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 21 желтоқсан - Sputnik. Алматыда студент оқытушыға пышақ жарақатын салған.
Әлеуметтік желіде күдікті ALT University студенті деп жазады.
Мұғалім ауруханада тексеріліп, үйіне жіберілген.
Әзірге істің мән-жайы анықталып жатыр, дейді полиция.

"Осы факті бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті жедел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақтөбеде жасөспірім әжесі мен анасын пышақтап тастады деген күдікке ілінді