АСТАНА, 20 желтоқсан - Sputnik. Еуроодақ елдері жыл сайын Киевке несие бойынша үш миллиард еуро төлейді, деп хабарлады Politico. Бұл туралы РИА новости жазды.
"ЕО салық төлеушілері Украинаның қорғанысын қаржыландыру үшін жалпы қарызды ұлғайту жоспары аясында жыл сайын қарыз бойынша үш миллиард еуро төлеуге мәжбүр болады", — деп жазады басылым Еурокомиссияның жоғары лауазымды тұлғаларына сілтеме жасай отырып.
Басылым бұл жоспар бірлестікке арзанға түспейтінін айтты. 2028 жылдан бастап өзінің жеті жылдық бюджетінен пайыз төлеуі керек. Бұл негізінен ЕО мүшелерінің жарналары есебінен қалыптасады.
Жұма күні саммиттің қорытындысы бойынша Еуроодақ ресейлік активтерді алудан уақытша бас тартты және Украинаға өз бюджетінен 90 миллиард еуро несие беруге шешім қабылдады. Венгрия, Словакия және Чехия қарызды қамтамасыз етуге қатыспайды. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан атап өткендей, бұл несиені ешкім қайтармайды, сондықтан оны бергендердің балалары мен немерелері пайыздар мен негізгі қарызды төлейді.