АСТАНА, 19 желтоқсан - Sputnik. 19 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 14:00-де тікелей эфирде Ресей президентінің қорытынды баспасөз конференциясы өтеді.
Владимир Путин 2025 жылдың қорытындысын шығарып, журналистердің сұрақтары мен ресейліктердің өтініштеріне жауап береді.
Іс-шара Мәскеудегі Мәскеу қонақ үйінде болады. Баспасөз конференциясына ресейлік және шетелдік БАҚ-тан 600-ге жуық журналист қатысады.
Ресейліктерден президентке 2 миллионнан астам сұрақ түскен. Путинмен алғашқы тікелей эфир 2001 жылы 24 желтоқсанда өтті.
2024 жылы эфирді 17 миллион ресейліктер тамашалаған. Ол кезде президентке 2,5 миллионнан астам өтініш түсті.
Қоғамдық пікір қорының жақында жүргізген сауалнамасының нәтижелері көрсеткендей, ресейліктердің төрттен үш бөлігі (75%) Владимир Путинмен жыл сайынғы тікелей желі қажет деп санайды, 54%-ы оны көруіп, тыңдауды жоспарлап отыр.
Сауалнамаға қатысқандарға президентке сұрақ қою мүмкіндігі туса, қандай сауал жолайтыны сұралды: 19% - ы мемлекет басшысынан арнайы әскери операция туралы сұраса, 7% - ы зейнеткерлердің проблемаларын қозғады. Ал 5% -ы президенттен баға, жалақы, денсаулық сақтау және білім беру мәселелері туралы сұрайтынын айтқан.