Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин Ресейдің бұғатталған активтерін тәркілеу еуроаймаққа деген сенімді бұзатынын айтты

Өйткені, алтын-валюта қорларын Ресей ғана емес, бос ресурстары бар көптеген мемлекет еуроаймақта сақтайды
Sputnik
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин жылдық қорытынды баспасөз конференциясында Еуропалық Одақтың Ресей активтерін тәркілеу әрекеттеріне қатысты пікір білдірді.

"Ұрлық - дұрыс емес анықтама. Ұрлық - мүлікті жасырын ұрлау. Ал олар мұны ашық түрде жасауға тырысып жатыр. Бұл - тонау", - деді Путин.

Ресей президентінің пікірінше, Еуропалық Одақ Ресей активтерін тәркілемей отыруына оның салдары ауыр болуы мүмкін екенін біліп отырғандары да себеп. Ол бұғатталған активтерді тәркілеу еуроаймаққа деген сенімге күмән келтіретінін айтты.
"Бұл беделге келген нұқсан ғана емес, бұл еуроаймаққа деген сенімді бұзады. Өйткені, алтын-валюта қорларын Ресей ғана емес, бос ресурстары бар көптеген мемлекет еуроаймақта сақтайды", - деді Путин тікелей эфир кезінде.
Ресей президенті Еуроодақтағы ресейлік активтерді тонау заманауи қаржылық әлемдік тәртіптің басты негіздерімен байланысты тікелей залалдарға әкелуі мүмкін деп мәлімдеді.
"Беделге келген залалдан бөлек, бұл заманауи қаржылық әлемдік тәртіптің басты негіздерімен байланысты тікелей залалдарға әкелуі мүмкін... Ең бастысы, олар не ұрласа да, оны қалай жасаса да, бәрібір бір күні қайтаруға тура келеді", - деді Путин.
Бүгін Мәскеуде Ресей президентінің жылдық қорытынды баспасөз конференциясы тікелей эфирде өтіп жатыр. Владимир Путин 2025 жылдың қорытындысын шығарып, журналистердің сұрақтары мен ресейліктердің өтініштеріне жауап береді. Баспасөз конференциясына ресейлік және шетелдік БАҚ-тан 600-ге жуық журналист қатысады деп хабарланған.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен аяқтағысы келеді – Путин