АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Ресей НАТО-ның шығысқа қарай кеңеймейтініне бірнеше рет алданып қалды. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин жылдық қорытынды баспасөз конференциясы кезінде айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
"НАТО-ны кеңейтпеу туралы бізге берілген уәделер орындалмады. Бізді тағы да алдады. НАТО-ны кеңейту бойынша бірнеше іс-шара орындалды", - деді Путин тікелей эфирдегі баспасөз мәслихатында.
Владимир Путин НАТО-мен ынтымақтастық қана емес, альянсқа мүшелік бойынша кезінде КСРО-да, одан кейін Ресей Федерациясында келісім болғанын айтты. Алайда екі жағдайда да ұйым бұл мүшелікті қолдамағаны белгілі болған.
РФ президенті НАТО әскери инфрақұрылымының Ресей шекарасына қарай жылжуы алаңдаушылық тудырып отырғанын айтты.
"НАТО әскери инфрақұрылымының біздің шекарамызға қарай жылжуы біздің заңды алаңдаушылығымызды тудырады", - деді Путин.
Бүгін Мәскеуде Ресей президентінің жылдық қорытынды баспасөз конференциясы тікелей эфирде өтіп жатыр. Владимир Путин 2025 жылдың қорытындысын шығарып, журналистердің сұрақтары мен ресейліктердің өтініштеріне жауап береді. Баспасөз конференциясына ресейлік және шетелдік БАҚ-тан 600-ге жуық журналист қатысады деп хабарланған.