Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Макрон Еуропалық Одақтың Украинаға несие беру туралы шешіміне түсініктеме берді

Sputnik
АСТАНА, 19 желтоқсан - Sputnik. Франция президенті Эммануэль Макрон Еуропалық Одақ Ресей Федерациясының активтері есебінен емес, ЕО бюджетінің кепілдігімен Киевке несие беру туралы шешім қабылдағаннан кейін Украинаны қаржыландыру үшін Ресейдің "мұздатылған" қаражатын пайдалану әдістерімен жұмысты жалғастыратынын айтты.
Бұл туралы РИА новости жазды.
"Бұл ресейлік активтерді пайдалану үшін мүмкін қаржыландыруды тарту мақсатында басқа да әдістермен жұмыс жалғасады", - деді ол ЕО саммитінің қорытындысы бойынша.
Бұған дейін Еуропалық Кеңес басшысы Антонио Коста Еуропалық одақ Украинаға ЕО бюджетіне негізделген және Ресей Федерациясының активтері есебінен өтелуі мүмкін 90 миллиард еуро несие беретінін айтқан болатын.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуропалық Одақ Украинаға 2026-2027 жылдарға 90 миллиард еуро бөледі