Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина делегациясы осы аптада Майамиге баруды жоспарлап отыр - БАҚ

Sputnik
АСТАНА, 18 желтоқсан - Sputnik. Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің басшысы Рустем Модеров бастаған делегация Майамиге барады.
Онда АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен және американдық көшбасшының күйеу баласы Джаред Кушнермен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды Axios порталы Ақ үй шенеунігінің дереккөзіне сілтеме жасап. Бұл туралы РИА новости жазды.
"Осы аптаның соңында Майамиге украин делегациясы келеді деп күтілуде... Уиткофф пен Кушнермен келіссөздер жүргізу үшін Рустем Модеров келеді", - делінген материалда.
Порталдың мәліметінше, АҚШ, Ресей Федерациясы және Украина өкілдерінің үшжақты кездесуі әзірге жоспарланбаған.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Біз АҚШ әкімшілігімен диалог жүргізіп жатырмыз - Путин