АСТАНА, 18 желтоқсан - Sputnik. Алматы-Бангкок бағыты бойынша KC931 рейсін орындайтын ұшақ техникалық себеппен Дели әуежайына қонды.
138 жолаушысы бар ұшақ Алматыдан 01: 00-де ұшып шығып, штаттық режимде 05: 51-де Делиге қонған.
"Барлық жолаушыға тамақ беріледі, уақытша визалар ресімделді, әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйге орналастыру мәселесін шешіп жатыр", - деп жазды Air Astana.
Әуе компаниясның мәліметінше, Бангкокқа рейсті жалғастыру үшін резервтік борт дайындалып жатыр.
Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі басты назарда, дейді компания.