АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды
"Қазақстан президентін Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы ертең Жапония императоры Нарухитомен және премьер-министр Санаэ Такаичимен келіссөздер жүргізеді.