АСТАНА, 17 желтоқсан - Sputnik. Қазақстан бюджеті 2025 жылдың 11 айында 2,9 трлн теңгеге өсті.
Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, мемлекеттік бюджеттің кірісі оң динамика көрсетіп отыр. 11 айда түсімдер 21,9 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 15,1%-ға немесе 2,9 трлн теңгеге артық.
"Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту қазынаға қосымша 660 млрд теңге әкелді. Азаматтарды әлеуметтік қолдау және өңірлерді дамыту басымдық болып қала береді. Әлеуметтік салаға 8,3 трлн теңге, ал өңірлерге 6,9 трлн теңге аударылды", - деді Мәди Такиев.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы нфрақұрылымын жаңғыртуды қоса алғанда, 870 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.
"Кірістердің ағымдағы динамикасы және шығыстарды басқаруда пайымды саясат жүргізу бізге барлық мемлекеттік міндеттемелердің толық орындалуын болжауға мүмкіндік береді. Өңірлерге әлеуметтік төлемдер, жалақы және трансферттер толық көлемде беріледі", — деді министр.