АСТАНА, 16 желтоқсан - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Австралия премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиднейдегі Ханука мейрамы кезінде болған қайғылы оқиғаға байланысты Аустралия премьер-министрі Энтони Албанизге көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы қаза тапқан жандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді", - делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев жантүршігерлік қылмысты қатаң айыптап, еліміздің атынан осы қиын сәтте Австралия халқына сабыр тілейтінін жеткізді.
Жағажайдағы қайғылы оқиға
Жексенбі, 14 желтоқсанда Сидней жағажайында атыс болып, 16 адам қаза тапты, 40 адам жараланды.
Қаскүнемдер — 50 жастағы ер адам мен оның 24 жастағы ұлы жергілікті еврей қауымдастығының көптеген мүшелері қатысқан Ханука шамдарын жағу рәсімі кезінде көпшілікке оқ жаудырған.
Қаскүнемдер — 50 жастағы ер адам мен оның 24 жастағы ұлы жергілікті еврей қауымдастығының көптеген мүшелері қатысқан Ханука шамдарын жағу рәсімі кезінде көпшілікке оқ жаудырған.
Әкесі сол жерде өлтіріліп, ұлы ұсталды.
Кубадан Қытайға дейін көптеген елдер терактіні айыптады.
Кубадан Қытайға дейін көптеген елдер терактіні айыптады.