Тәуелсіздік күні Астанада 18 сәби дүниеге келді

Мереке күні осы уақытқа дейін өмірге келген сәбилердің 7-уі ұл мен 11-і қыз
Sputnik
АСТАНА, 16 желтоқсан - Sputnik. Астанада дәл осы сағатқа дейін 18 сәби дүние есігін ашты, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Тәуелсіздік күні тек ресми салтанатты шаралармен ғана емес, қала перзентханаларында дүниеге келген сәбилерімен де есте қалады.
Тәуелсіздік күнінде елорданың 3 перзентханаcында 18 нәресте дүниеге келді.
Олардың – 7-уі ұл және 11-і қыз.
Нәрестелер №2 және №3 көпбейінді қалалық ауруханаларда, сондай-ақ қалалық перинаталдық орталықта өмір есігін ашты.
Республика күнінде 709 бала дүниеге келді