АЛМАТЫ, 16 желтоқсан - Sputnik. Алматы жұртшылығы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, Желтоқсан құрбандарын еске алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматы жұртшылығы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, Желтоқсан құрбандарын еске алды
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Алматыдағы Республика алаңында 500-ге жуық адам жиналды. Мақсат - бүгінгі тәуелсіздіктің бейбіт мерекесін атап өтіп, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында құрбан болғандардың рухына тағзым ету.
Алматы жұртшылығы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, Желтоқсан құрбандарын еске алды
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Қалың қауым ішінде ардагерлер, қоғам қайраткерлері, әскерилер, депутаттар бар. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды да гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Алматы жұртшылығы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, Желтоқсан құрбандарын еске алды
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Жиналған қауым Желтоқсан құрбандарының рухына құран бағыштады.
Алматы жұртшылығы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, Желтоқсан құрбандарын еске алды
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Бұл күн туралы айтылар естелік көп, ал зерттелетін тұсы қаншама. Кезінде саяси тұрғыда бұрмаланса, бүгінгі күні тәуелсіз елдің мақтанышы болған күн.
Алматы жұртшылығы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, Желтоқсан құрбандарын еске алды
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Ескерткішке гүл шоғын қойған жан 39 жыл бұрынғы оқиғаны еске алмай кетпесі хақ. Тәуелсіздік монументіне тек бүгін ғана емес, жыл бойы келіп, гүл қойып, құрмет көрсететіндер бар. Ол - 39 жыл бұрын қазақ деп шырылдаған жастардың рухына тағзым.
Алматы жұртшылығы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, Желтоқсан құрбандарын еске алды
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Бүгін Қазақстан халқы тәуелсіздіктің 34 жылдығын атап өтіп жатыр.