Астанада құрылысшы биіктіктен құлап қайтыс болды

Құрылыс жұмыстары кезінде аспалы көтергіш кабелі үзілген
Sputnik
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан - Sputnik. Астанада құрылысшы жұмыс орнында қайтыс болды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 14 желтоқсанда болған.
"Құрылыс объектісінде қасбеттік жұмыстарды жүргізу кезінде аспалы көтергіш кабелі үзілген. Ішінде болған 41 жастағы ер адам құлап, алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды", - дейді ведомство.
Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Астанада 4 құрылысшы биіктен құлады: сот жұмыс берушіні кінәлі деп тапты