АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен спорт кешені салынды, деп хабарлады үкімет.
"Көкшетауда Kokshe Arena заманауи көпфункционалды спорт кешенінің ашылды. Нысан Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен тұрғызылып, бұл мақсатқа үкімет 12,6 млрд теңге бөлді", - деп жазылған хабарламада.
Ғимараттың сыйымдылығы шамамен 1 мың адамды құрайды. Кешенде заманауи мультимедиялық жүйелері бар 650 орындық көрермен залы, өрмелеу алаңы мен өрт-қолданбалы спорт түрлеріне арналған мұнарасы бар әмбебап спорт залы қарастырылған.
Сонымен қатар бокс, күрес, ауыр атлетика және кроссфит залдары сертификатталған олимпиадалық стандарттағы құралдармен жабдықталған. Халықтың мобильділігі төмен топтары үшін де барлық жағдай жасалған.
Айта кету керек, Kokshe Arena – қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған аймақтағы екінші спорттық инфрақұрылым нысаны. Бұған дейін облыста Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылған болатын.