АЛМАТЫ, 13 желтоқсан - Sputnik. Түркістан облысында биыл жол апатынан 1683 адам зардап шегіп, 261 адам қайтыс болды. Облыста жол апатының алдын алу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Биыл 11 айда облыста 1 139 жол апаты тіркеліп, 1 683 адам зардап шеккен, оның ішінде 261 адам қайтыс болған.
Жұмыс тобы құрылып, жолдардың жағдайы мен апат себептерін зерттеген.
Жол апаты көбіне көлік ағымы көп аудандар мен елді мекен жолдарында болатыны анықталған.
"Сол себепті 400-ге жуық жылдамдықты өлшейтін құрылғы, 1 357 жаңа жол белгілерін орнатуға ұсыныс берілді. Сондай-ақ 44 жерге жаяу жүргіншілер сызығын сызылып, 37 жолға шулы жолақтар және 33 жолға жол кедергілері жасалады. Ірі қара малдың жолға шықпауына 3 600 метр темір қоршау орнатылады", - делінген хабарламада.
Бұл шаралар алдағы уақытта жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жолдағы азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға үлкен септігін беретін болады, дейді прокуратурадағылар.