АЛМАТЫ, 13 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында криминалдық полиция қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген 28 жастағы Ақтау тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол қаңтар - сәуір айлары аралығында Ақтау тұрғынынан 58 миллион теңгеден астам қаражатты алдап алған.
"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кетіп, оған мемлекетаралық іздеу жарияланды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді ведомство.
Айта кетері, тергеу органдары мен соттан жасырынған адамдарды іздестіру жұмыстары аясында жыл басынан бері 54 күдікті ұсталды.