Ақмола облысында сот педофилді өмір бойына бас бостандығынан айырды

Тергеушінің кәсібилігінің арқасында Ақмола облысы тұрғынының аса ауыр қылмыс жасауға қатысы бар екені дәлелденді
Sputnik
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысында сот педофилді өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кәмелеттік жасқа толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық туралы қылмыстық істі Сандықтау ауданы полиция бөлімінің тергеушісі Шамиль Умаров жүргізді. Айта кетері, қылмысты ашу барысында тікелей дәлелдер де, камера жазбалары да, қылмыскерді көрсетуге дайын куәгерлер болмаған.
"Тікелей дәлелдер мен бейнежазбалардың жоқтығына қарамастан, полиция капитаны кінәлі адамды анықтай алды. Тергеу әрекеттері мен сот сараптамаларының кешені күдіктіні ұстауға және бұлтартпау шарасын тағайындауға қол жеткізуге мүмкіндік берді", - деп жазылған хабарламада.
Кейіннен жеткілікті дәлелдемелер базасы жиналып, материалдар сотқа жіберілді. Осы жылдың желтоқсанында сот айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Талдықорғанда туған қызын 8 жыл зорлаған педофил өмір бойына сотталды