АСТАНА, 13 желтоқсан - Sputnik. 2026 жылы 26 қаңтарда Алматыға FIFA World Cup кубогының түпнұсқасы әкелінеді, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Алматы тұрғындары мен қонақтары әлемдік футболдың басты символын өз көзімен көре алады.
"Трофей көрсетілімі Алматы қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы футбол федерациясының қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық тур аясында өтеді. Іс-шара бұқаралық спортты дамытуға және жастар арасында футболды насихаттауға маңызды үлес қосады", - деп хабарлады әкімдік.
Трофей Алматыда бірнеше сағат қана болады. Әкімдіктің мәліметінше, бұл шара қала тарихында сирек кездесетін сәт.