Қазақстан жұмыртқаны елге алып кіруге салынған тыйым мерзімін бір айға ұзартты

Бұл Қазақстан арқылы орындалатын транзитке қатысты емес
Sputnik
АСТАНА, 12 желтоқсан - Sputnik. Қазақстан отандық өндірушілерді қолдау үшін жұмыртқаны елге алып кіруге салынған тыйымды бір айға ұзартты, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жаңа мерзім Еуразиялық экономикалық одақты қоса алғанда, басқа елдерден барлық көлік түрімен алып кіруге қатысты. Бұл Қазақстан арқылы орындалатын транзитке қатысты емес.
Қазақстан сәуірде тауық жұмыртқасын ел аумағына алып кіруге алты айға тыйым салған болатын.
Қазақстанда ет, сүт және жұмыртқа өндірісі артты