Батыс Қазақстанда жойқын жарылыстан балконның жақтауы жұлынып кетті – видео

Қазіргі уақытта қаза болғандар туралы ақпарат жоқ
Sputnik
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Оралдағы үйлердің бірінде үшінші қабатта газ-ауа қоспасы жарылды. Жойқын жарылыстың видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Отты қызыл жалын балконға сатымен көтеріліп келе жатқан өрт сөндірушіні құлатып жібере жаздады, терезелерден қою түтін шықты.
Өртті сөндіруге 23 адам мен алты техника жұмылдырылды.
Құтқарушылар тұрғындарды уақтылы эвакуациялап, ауыр зардаптардың алдын алды.
Қазіргі уақытта құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ. Көршілердің айтуынша, пәтерде ешкім тұрмаған.