Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Украинадағы қақтығысқа қатысып жатқан жоқ - Трамп

Трамптың айтуынша, АҚШ тек қақтығысты шешу бойынша келіссөздерге ғана қатысып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 12 желтоқсан - Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Украинадағы қақтығысқа қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Біз НАТО-ға қару-жарақты толық бағамен сатамыз. Өздеріңіз білетіндей, олар бұл қаруды ең алдымен Украинаға таратады. Олар мұны басқа елдерге де жасап шығар, бірақ біз соғыстарға қатысып жатқан жоқпыз", - деді Трамп Ақ үйде журналистерге.
Трамптың айтуынша, АҚШ тек қақтығысты шешу бойынша келіссөздерге ғана қатысып жатыр.
Сонымен қатар АҚШ президенті Вашингтонның Еуропа мен Украина өкілдерн кездесуге шақыруына қатысты пікір білдірді.
"Біз көп уақытты босқа өткізгіміз келмейді. Біз мұны теріс деп санаймыз. Біз бұл мәселенің шешілгенін қалаймыз", - деді Трамп.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина НАТО-ға кірмейді деген түсінік Путинге дейін болды – Трамп