Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина халқының басым бөлігі қақтығыстың реттелгенін қалайды - Трамп

Sputnik
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп украиналықтардың басым көпшілігі қақтығыстың шешілуін қалайтынына сенімді, деп хабарлады РИА Новости.
"Сауалнамаларға сәйкес, Украинада адамдардың 82%-ы қақтығыс реттеліп, келісім болғанын қалайды", - деді Трамп Ақ үйде.
Сонымен қатар Трамп қазір көп адам Украинадағы қақтығыс реттелуіне аз қалды деп сенетінін мәлімдеді.
"Қазір көп ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Көп адам қақтығыстың реттелуіне аз қалды деп сенеді", - деді Трамп.
АҚШ президенті Владимир Зеленскийді қазіргі жағдайға шынайы көзқараспен қарап, баға беруге шақырғанын айтты.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп АҚШ Украинаға ақша жұмсамайтынын айтты