АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Украинаның Каспий құбыр консорциумына жақында жасаған шабуылынан кейін мұнай өндірісіне қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Ол бұл жағдай 480 мың тонна шығын әкелгенін, бірақ соған қарамастан, 2025 жылға арналған жалпы жоспар орындалатынын мәлімдеді.
Киевтің Каспий құбыр консорциумына шабуылы әсер етті ме деген сұраққа ол "Әрине" деп жауап берді.
Сонымен қатар, Қазақстанның жеткізілімі жоспарланған 72 миллион тоннаның орнына 68 миллион тонна деңгейінде болуы мүмкін.
4 миллион тонна шамамен 30 миллион баррель мұнайды құрайды. Қазақстаннан жеткізілетін мұнайдың бағасы барреліне 50-55 доллар деп есептесек, жалпы сома 1,5-1,6 миллиард долларды құрайды.
29 қарашада Украина Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымына шабуыл жасады.
30 қарашада Қазақстан сыртқы істер министрлігі мұны "агрессия актісі" деп атады және Украинаның КҚК-ның маңызды инфрақұрылымына жасалған шабуылына наразылық білдірді.