Қарағанды облысында төрт жұмысшыны пойыз басып өлтірді

Sputnik
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды облысында рельстерді ауыстырып жатқан төрт жұмысшыны пойыз басып кетті, деп хабарлайды "ҚТЖ" АҚ баспасөз қызметі.
"2025 жылдың 10 желтоқсанында сағат 17:15-те Мойынты-Шығанақ учаскесіндегі Шешенқара-Қаражыңғыл учаскесінде жүк пойызының машинисі шұғыл тежегішті қолданды. Сарышаған станциясының жол бригадасы теміржол аймағында рельстерді ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізіп жатқан", - деп жазылған хабарламада.
Барлық қажетті шара қабылданғанына қарамастан, апаттың алдын алу мүмкін болмаған.
"Төрт жұмысшы алған жарақатынан көз жұмды", - дейді теміржол мамандары.
Оқиғаның барлық мән-жайы мен себебін анықтау үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасының нұсқауы бойынша арнайы комиссия құрылды. Комиссия тергеу жүргізу үшін оқиға орнына жедел аттанды.
Семейде ер адамды пойыз басып, аяғынан айырылды