АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматыда әуе рейстері кешігіп ұшып жатыр, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.
Қалың қар басып, айналаның көріну деңгейі төмен болғандықтан бірқатар рейс уақыты кейінге шегерілді.
"Ұшу-қону жолақтарынан, перрон мен рулеждік жолдан қар тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Әуе кемелеріне қауіпсіз ұшуды қамтамасыз ету үшін мұздануға қарсы өңдеу шаралары қолданылып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, әуежай қызметтері күшейтілген режимде, әуе компанияларымен өзара тығыз байланысты жұмыс істеп жатыр. Кешігулерді барынша азайту үшін барлық қажетті шара қабылданып жатыр.
"Жолаушыларға өз рейстері туралы өзекті ақпаратты алдын ала әуе компанияларынан нақтылауды, сондай-ақ әуежайдың ресми сайтындағы рейстер кестесін бақылап отыруды ұсынамыз", - дейді әуежайдағылар.