22 рет пышақ сұққан: кәсіпкер өліміне күдікті Ресейден экстрадицияланды

Күдікті марқұмның денесін және оның автокөлігін гаражына жасырып, кейін Қазақстаннан шығып, шетелге қашып кеткен
Sputnik
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Бас прокуратура қызметкерлері павлодарлық кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.
Осы жылдың 21 ақпанында жәбірленуші жұмысқа кетіп, кейін байланысқа шығуын тоқтатқан.Осыған байланысты ол хабар-ошарсыз жоғалған деп танылған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сол күні кәсіпкердің Павлодарда күдіктімен оның тұрғын үйінің ауласында кездескені анықталды.
"Ақшаға қатысты келіспеушіліктерге байланысты олардың арасында жанжал туындап, қаскүнем жәбірленушінің кеудесі мен бетіне 22 рет пышақ сұққан. Жәбірленуші сол жерде алған жарақаттарынан көз жұмған", - деп жазылған бас прокуратура хабарламасында.
Қылмыстың ізін жасыру мақсатында күдікті марқұмның денесін және оның автокөлігін гаражына жасырып, кейін Қазақстаннан шығып, шетелге қашып кеткен.
Осы жылдың наурыз айында ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, бас прокуратура сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Ведомство хабарлауынша, оған айып тағылған қылмыс бойынша 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Он жеті жыл бойы іздеуде болған Қазақстан азаматы Литвадан экстрадицияланды