АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Зейнетақы жинақтарының 2026 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегі жарияланды.
2026 жылғы төменгі жеткіліктілік шегін есептеу кезінде "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңында айқындалған 2026 жылға арналған келесі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылды:
ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге;
зейнетақының ең төменгі мөлшері – 69 049 теңге;
ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.
"Нәтижесінде 2026 жылы ТЖШ мөлшері орта есеппен 10%-ға өсті, бұл жалпы инфляцияның ағымдағы және болжамды мәндеріне сәйкес келеді", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, ТЖШ – бұл салымшыны ай сайынғы зейнетақының ең төменгі мөлшерінен төмен емес мөлшерде қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері.