АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Украина НАТО-ға кірмеуге тиіс деген түсінік бұрыннан бар еді, деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп.
"Украинаның НАТО-ға қабылданбайтыны жайында ортақ түсінік Путинге (Ресей президенті Владимир – ред.) дейін болды. Шынымды айтсам, бұл жайт Путин билікке келмей тұрып-ақ белгілі еді", – деді ол Politico газетіне берген сұхбатында.
Сондай-ақ Трамп Украинадағы қақтығыста Ресейдің күші басым болғанын атап өтті.
"Ол әрдайым солай болды. Ресей әлдеқайда үлкен, әлдеқайда күшті… Украинаға лайықты баға беремін… Бірақ білесіз бе, күндердің күнінде жеңіске көлем ықпал ете бастайды", – деді Трамп.