АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Астанада 10 желтоқсанда 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.
"2025 жылғы 10 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін синоптиктер 2025 жылдың 10-12 желтоқсаны аралығында Астанада -26°C дейін аяз болатынын хабарлаған еді.