ҰҚШҰ-ның бірлескен саяси мәлімдемелері әлемге белгі береді – Путин

Путин дүйсенбі күні Кремльде ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясының мүшелерін қабылдады
Sputnik
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Парламенттік ассамблеясының бірлескен саяси мәлімдемелері сыртқы әлемге жақсы белгі береді, деп есептейді Ресей президенті Владимир Путин. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Путин дүйсенбі күні Кремльде ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясының мүшелерін қабылдады.
"Бірлескен саяси мәлімдемелер де маңызды. Мәселен… көпполярлы әлем жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету тақырыбы бойынша жасалған мәлімдеме де айтарлықтай маңызға ие және сыртқы әлемге өте жақсы белгі береді", – деді Путин ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясының мүшелеріне қарата айтқан сөзінде.
Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жиынға Мемлекеттік дума төрағасы, ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясының төрағасы Вячеслав Володин, Беларусь ұлттық парламентінің өкілдер палатасының төрағасы Игорь Сергеенко, Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов және Тәжікстан парламентінің төрағасы Файзали Идизода қатысатынын хабарлаған болатын.
Қазақстан делегациясы ҰҚШҰ ПА жұмысына қатысу үшін Мәскеуге барды