Тәуелсіздік күні: Астанада қандай іс-шаралар өтеді

Елордада бірқатар мәдени іс-шара өтеді деп жоспарланып отыр
Sputnik
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Астанада Тәуелсіздік күніне орай 80-нен астам түрлі мерекелік және ресми іс-шара, оның ішінде дәрістер, концерттер, кездесулер, турнирлер және тағы да басқа шаралар өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
3–10 желтоқсан аралығында қалалық кітапханаларда "Қаламгер ұстаханасы" дәрістер циклі ұйымдастырылуда.
9 желтоқсан күні Достық үйінде діни бірлестік өкілдерімен дөңгелек үстел, сондай-ақ ардагерлер госпиталінде "Азат елдің айбыны" ашық сабағы жоспарланған.
10 желтоқсан күні:
"Жұмысшы мамандықтар" жылының аясында Астана қаласының №111 келешек мектебінде оқушылар мен еңбек ардагерлері арасында кездесу өтеді.
"Заң мен тәртіп" нарративі аясында есірткі жарнамасын анықтау және бояу акциясы өткізіледі.
11 желтоқсан күні:
Сағат 11:00-де Балалар және жасөспірімдер кітапханасында "Тәуелсіздік – тұғырым, Егемендік – елдігім" иллюстрациялық көрмесі, сондай-ақ мектеп және колледж оқушыларымен "Қазақстанның асқақ рәміздері" кездесуі ұйымдастырылады.
Астана қаласы ҚХА-ның ғылыми-сараптамалық тобының отырысы өтедi.
"Не? Қайда? Қашан?" – "Тәуелсіздік күні" тақырыбындағы Quiz өтеді.
"Байқоңыр" ауданы Экономикалық–құқықтық колледжінде Тәуелсіздік күніне орай "Мен халқыммен мақтанамын" тақырыбындағы мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, Әлмұқан Сембинов көшесі, 23 мекенжайында өтеді.
12 желтоқсан күні:
Есіл ауданында "Тарих тарту еткен – Тәуелсіздік" Quiz time ұйымдастырылып, оның нәтижелері әлеуметтік желілерде жарияланады.
"Аспан" спорт кешенінде "Асық фестивалі" өтсе, Esil университетінде мерекелік концерт пен үздік студенттерді марапаттау рәсімі ұйымдастырылады. Есіл ауданында "Тарих тарту еткен – Тәуелсіздік" Quiz time өтеді.
Сағат 14:00-де "Тәуелсіздік мұраты – тәрбиелі ұрпақ" кураторлық сағаты өтеді.
Базарлардың жас жұмысшылары арасында футбол, волейбол және теннистен спорттық шаралар ұйымдастырылады.
"Байқоңыр" ауданы "Шипагер" колледжінде "Тәуелсіздік – бұл халықтың қаһарман жолы" атты мерекелік бағдарлама өтеді. Іс-шара Илья Чехоев көшесі, 16/1 мекенжайында өткізіледі.
Сонымен қатар, №1 Өнер мектебінің ұйымдастыруымен № 8 мектеп-лицейінде "Тәуелсіздік – тұмарым, Мәңгілік ел – тұрағым" атты мерекелік іс-шара өткізіледі.
Аталған күні "Байқоңыр" ауданында "Тәуелсіздік – тұғырым" атты мерекелік іс-шара шеңберінде "Есіл" университетінде салтанатты концерт және белсенді студенттерді марапаттау рәсімі өтеді.
12–14 желтоқсан аралығында "Теміржол" спорт кешенінде спорт ардагері Әбдіғапар Әбдірахмановты еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілік өтеді.
13–14 желтоқсанда "Дәулет" орталығында әуесқой теннис турнирі өтеді.
13 желтоқсан күні Смағұл Садуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздік күніне байланысты мектеп оқушылар арасында шахмат турнирі өтеді.
13–15 желтоқсанда "Binom" мектебінде тоғызқұмалақ турнирі ұйымдастырылады.
14 желтоқсан күні "Толқын" спорт кешенінде байдарка мен каноэ есуден ОФП чемпионаты, "Ұлытау" спорт кешенінде Ауған соғысы ардагерлері арасында волейбол турнирі өткізіледі.
15–16 желтоқсанда "Archer" клубында жебе тартудан Астананың ашық кубогы және Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында "Сәйгүлік" қойылымы көрсетіледі.
15 желтоқсанда:
Есіл ауданында "Тәуелсіздік метакөрмесі" мен оның метаәлемдегі таныстырылымы, сондай-ақ "Тәуелсіздік – ұлт рухының бастауы" кітап көрмесі өтеді.
Этно-заманауи стильдегі шағын концерт ұйымдастырылады.
"Байқоңыр" ауданынында Тәуелсіздік күні аясында "Тұран" колледжінде "Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы" атты мерекелік іс-шара өткізіледі.