Қазақстанда орыс тілін шет тілі ретінде тестілейтін алғашқы орталық ашылды

Орталықта орыс тілінен элементарлық деңгейден ең жоғары деңгейге дейін тест тапсыруға болады
Sputnik
АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда орыс тілін шет тілі ретінде тестілейтін алғашқы орталық ашылды, деп хабарлады Алматыдағы Ресей үйі.
Бұл енді республика аумағында орыс тілін шет тілі ретінде меңгеру деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі сертификат алуға болатынын білдіреді.
Орталық Россотрудничество өкілдігінің (Алматы) бастамасымен құрылып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында жұмыс істеп тұр.
Орталық әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институты арасындағы келісім негізінде қызмет етеді.
Мұнда орыс тілінен элементарлықтан бастап ең жоғары деңгейге дейін тест тапсыруға мүмкіндік бар.
Тест алдында үміткер өз деңгейін алдын ала таңдайды, кейін оны растау үшін емтихан тапсырады.