АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. 2025 жылы Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан жасалған трансплантация саны 2,6 есе артты, дейді Республикалық трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру орталығының басшысы Айдар Сейітқазинов.
"Қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан жасалған трансплантацияның саны өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есе артты, ал ағымдағы донорлардың саны 2025 жылдың 10 айында екі есе дерлік – 6-дан 16-ға дейін көбейді. eGov.kz сайтындағы азаматтардың жалпы ерікті ниет білдіру көрсеткіші 27%-ға өсті, ал келісім үлесі 63%-ға жетті", – деп атап өтті ол Денсаулық сақтау министрлігіндегі аппараттық кеңесте.
2024 жылмен салыстырғанда қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан жасалатын трансплантацияның саны да екі есеге көбейді, тірі донорлардан жасалатын операциялардың саны 2,5%-ге артты.
Операциялық белсенділіктің өсіміне инфрақұрылымның кеңеюі ықпал етіп отыр: елде былтырғы 7 орталықтың орнына бүгінде 11 трансплантация орталығы жұмыс істейді.
Бүгінде 4521 қазақстандық ағза ауыстыруды күтіп жүр, күту парағындағы пациенттердің арасындағы өлім 4,6%-ға төмендеді.
Сондай-ақ донорлық белсенділік ең жоғары Алматы мен Астана қалаларында, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды.