АСТАНА, 8 желтоқсан - Sputnik. Қазақстанда қатты аяздар мен температураның төмендеуі болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
9 желтоқсанда солтүстік антициклон солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарды тез басып өтеді. Суық ауа массаларының әсерінен жауын-шашын тоқтап, алдымен елдің солтүстік жартысында, содан кейін бүкіл Қазақстан бойынша температура күрт төмендейді.
Температураның түнде төмендеуі:
солтүстікте -22 -30 Цельсий градусқа дейін;
шығыста -27-35 Цельсий градусқа дейін;
оңтүстікте және оңтүстік-шығыста -10 -20 Цельсий градусқа дейін.
Сонымен қатар, "ҚазАвтоЖол" бірнеше күннен бері жол қозғалысына шектеулер енгізілгені туралы ескертіп жатыр. Оған қолайсыз ауа райы себеп.
8 желтоқсанда 15 аймақта қар жауады деп күтіліп отыр. Сондықтан жүргізушілерге жылдамдық шектеулері мен қауіпсіздік ережелерін сақтауға, сондай-ақ жол жағдайының нашарлауына назар аударуға шақырды.