Иран президенті Масуд Пезешкиан Астанаға ресми сапармен келеді

Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды
Sputnik
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Иран президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.
"10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді", - деп жазылған хабарламада.
Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.
Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түрікменстан президенті келеді