Қар жауып, бұрқасындатады: 7 желтоқсанда ауа райы қандай болады

Синоптиктер еліміздің басым аумағында көктайғақ және жауын-шашын болады деп болжап отыр
Sputnik
АСТАНА, 7 желтоқсан - Sputnik. "Қазгидромет" жексенбі, 7 желтоқсанға жасалған ауа райы болжамын жариялады.
Абай облысында қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Батысы, оңтүстігі мен орталығында тұман түседі.
Ақмола облысында қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз шығысында жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.
Ақтөбе облысында көктайғақ болады.
Атырау облысында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында тұман. Оңтүстік-шығысы мен солтүстігінде жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.
Жамбыл облысында көктайғақ болады, кей жерлерде тұман түседі. Таулы аудандарда жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.
Жетісу облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Алакөл маңында жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.
Батыс Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады.
Қарағанды облысында көктайғақ болады, солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі.
Қостанай облысында қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Батысы, шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі.
Қызылорда облысында көктайғақ болады, солтүстігі, орталығы мен оңтүстігінде тұман түседі.
Павлодар облысында қар жауады, бұрқасын соғады. Солтүстігі мен батысында жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде аздап қар жауады, күндіз қар күшейеді. Түнде батысы мен солтүстігінде бұрқасын соғады, көктайғақ болады, күндіз де бұрқасын және көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі.
Түркістан облысында тұман түседі.
Ұлытау облысында көктайғақ болады, солтүстігі, шығысы мен орталығында тұман түседі.
Алматыда күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Шығыстан 3–8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде –0…–2°C, күндіз +6…+8°C.
Шымкентте күн бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, 8–13 м/с болады. Түнде +1…+3°C, күндіз +8…+10°C.
Астанада күн бұлтты, кейде қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдық жел соғады. Түнде –3…–5°C, күндіз –0…–2°C.