Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Макрон Зеленскиймен сөйлесті

Sputnik
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Франция президенті Эммануэль Макрон Украина басшысы Владимир Зеленскиймен сөйлескенін мәлімдеді.
"Мен Зеленскиймен сөйлестім. Өзімнің соңғы халықаралық талқылауларым, соның ішінде Қытайдағы кездесулерім (Украина қақтығысын реттеу мәселесіне қатысты – ред.) белгілі бір жайларды айқындауға мүмкіндік бергенін оған жеткіздім", – деп жазды Макрон Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Франция президенті дүйсенбі күні Зеленский, Германия канцлері Фридрих Мерц және Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен бірге Лондонда Украина қақтығысын тоқтату жөніндегі Киев пен АҚШ арасындағы соңғы келіссөздер аясында "үйлестіру жұмыстарын жалғастыратынын" растады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
АҚШ Мемлекеттік департаменті Украинамен келіссөздердің жалғасатынын хабарлады