АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik.Төтенше жағдайлар министрлігі"Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінде 6 желтоқсан күні Астана уақытымен 2 сағат 04 минутта жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 565 шақырым қашықтықта орналасқан.
Дүмпу Тараз және Шымкент қалаларында 2 балл шамасында сезілген.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.