АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. АҚШ Мемлекеттік департаменті сенбі күні АҚШ өкілдері мен Украина тарапы арасындағы келіссөздердің жалғасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Тараптар ертең (жергілікті уақыт бойынша сенбіде) талқылауды жалғастыру үшін қайта бас қосады", – делінген мәлімдемеде.
Бұған дейін ведомство АҚШ президентінің күйеу баласы Джаред Кушнер мен арнайы өкіл Стив Уиткоффтың Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рүстем Умеров және Украина Қарулы күштері Бас штабының бастығы Андрей Гнатовпен екі күндік кездесулері өтетінін растаған еді.