АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шықты, деп хабарлайды шекара қызметінің баспасөз қызметі.
ӨрттіТЖД күштері сөндірді. Төтенше жағдайдың салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Шекара қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл айтты. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.