12 жастағы алматылық қыз Ресейде өткен "Голос. Дети" байқауында үшінші орын алды

Sputnik
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. "Жас сарбаз" балалар студиясының тәрбиеленушісі 12 жастағы Жасмина Түзелова "Голос. Дети" байқауында үшінші орын алды, деп хабарладй қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Мәскеуде өткен шоудың он екінші маусымында "Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының атынан өнер көрсетті.
Воспитанница детской студии "Жас сарбаз" Жасмина Тузелова заняла третье место в конкурсе "Голос. Дети" в России
Бір күнде өткен финал екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде Жасмина 1973 жылы түсірілген "Бегство мистера Мак-Кинли" фильміне жазылған Владимир Высоцкийдің "Прерванный полет" әнін тебіренте орындады.
Суперфиналға шыққан үш қатысушының қатарында Жасмина да болды. Ол "Приключения Электроника" фильміндегі "Крылатые качели" әнін шырқады.
Воспитанница детской студии "Жас сарбаз" Жасмина Тузелова заняла третье место в конкурсе "Голос. Дети" в России
Анасының айтуынша, Жасминаның музыкалық қабілеті төрт жасында-ақ байқалған. Ол "Балапан" арнасындағы әндерді дәл нотаға түсіріп айтып, ерекше таза да кең даусымен көзге түскен.
Воспитанница детской студии "Жас сарбаз" Жасмина Тузелова заняла третье место в конкурсе "Голос. Дети" в России
Биыл Жасмина Орталық әскери оркестр мен Орталық ансамбль құрамында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған XVII Халықаралық "Спасск мұнарасы" әскери-музыкалық фестиваліне қатысты. Мәскеудің Қызыл алаңында ол "Әлия" әнін айтып, көрерменді өнерімен тәнті еткен болатын.